16 мамыр 2014 15:54

Апатқа ұшыраған "Протон" Қазақстан экологиясына зиян келтірген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Апатқа ұшыраған бортында ресейлік "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигі бар зымыран тасығыш "Протон" Қазақстанның экологиясына зиян келтірмеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап. 


Апатқа ұшыраған бортында ресейлік "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигі бар зымыран тасығыш "Протон" Қазақстанның экологиясына зиян келтірмеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан экологиясына ешқандай зиян келмеді, себебі зымыран Қазақстан аумағынан тыс жерде құлады. Негізі зымыраның ұшырылуы сәтті өтіп, жалпы ұшуы сәтсіз болды. Мұндай жағдайда зымыранның қалдықтары жерден 150 шақырым қашықтықта, ауада жанып кетеді. Зымыран ұшып кеткеннен соң төрт немесе бес минут ішінде Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Оның қалдықтары Тынық мұхитына дейін жетуі кетуі мүмкін", - дейді Қазкосмоста. 

Еске салайық, жұма күні түнде (Астана уақытымен 3:42) Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған бортында ресейлік "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигі бар зымыран тасығыш "Протон" апатқа ұшырап, Қазақстан аумағынан тыс жерде - Алтай немесе Тынық мұхиты аймағында құлаған. Роскосмос таратқан ақпаратқа қарағанда, оқыс жағдай ұшу барысының 540-ыншы секунтында жұмыстың үшінші сатысында орын алған.

Сондай-ақ қозғалтқыштың жұмысына қолданылатын улы гептил атмосфераның жоғарғы қабаттарында жанып кету мүмкін екендігі туралы айтылуда. Дегенмен Роскосмостағы дереккөз зымыранның әлі ғарыштың белгісіз орбитасында болып қалуы мүмкін екендігін айтты. Енді "Байқоңырдан" ұшырылатын барлық "Протондар" апаттың салдары анықталғанша тоқтатыла тұрады. Бұл 15 шілдеде ұшырылатын ғарыштық байланысы бар "Протона-М" зымыран тасығышына да қатысты. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети