Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Аргентина құрамасының алматылық фанаты терезеден секіріп кетті

16 Шілде 2014, 17:16
0
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы
©"Алматы" телеарнасы, "Свидетель" бағдарламасы

Футболдан Аргентина құрамасының алматылық жанкүйері сүйікті командасының әлем чемпионатындағы жеңілісінен соң пәтерінің терезесінен төменге секіріп кетті, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Ер адам әлем чемпионатының финалынан кейін өмірімен қош айтыспақ болған. Телеарнаның хабарлауынша, финалдық ойынды жігіт өзінің достарымен бірге тамашалаған. Көршілер жігіттердің өзара жанжалдасқанына, олардың бірінің төртінші қабаттағы терезеден секіруге тырысқанына куә болған. Оқиға орнына келген полицейлер мен дәрігерлер жерде жатқан ер адамды көреді. Ол тірі болғанымен, ес-түсінен айырылған.

Патруль полицейлері зардап шегушінің пәтерін бірден тапты. Шашылып жатқан пәтер қабырғаларында қан ізі болды. "Біз жай ғана жанжалдастық, пәтердің қан болатын себебі, мен қолымды кесіп алдым. Оның неге терезеден құлап кеткенін білмеймін, ол кезде мен дәретханада болғанмын", - дейді осы пәтерде болғандардың бірі.

"Мен ашуланып, әйнекті сындырдым, өйткені Аргентина құрамасы ұтылып қалды", - дейді зардап шегушінің танысы. Телеарнаның хабарлауынша, бұл жігіттердің бәрі мас болған, қазір Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті.

Еске сала кетейік, мұның алдында Аргентина футбол құрамасының әлем чемпионатындағы жеңілісінен соң Бішкек тұрғынының асылып қалғаны хабарланған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай