03 шілде 2014 18:02

Артаевтың қатысы бар оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанадағы түнгі клубта болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы түнгі клубта болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматшадан түнгі клубта дене жарақатын келтіру дерегі бойынша шағым түсті. Оның айтуынша, қол жұмсаған - Бақтияр Артаев. Қазір "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астана қаласы ішкі істер департаментіне бір қыздың 29 маусымға қараған түні астаналық кафелердің бірінде өзіне бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың дене жарақатын келтіргенін айтып, шағым түсіргені хабарланған болатын. Қазір бұл дерек бойынша тергеуалды тексеріс жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Жәбірленушінің өзі оқиғаның мән-жайын айтып берді: "Ол мені Fashion түнгі клубында ұрды. Маған кәсіби соққы берді. Дәрігер "абырой болып, көп күш салмаған" деді. Біз құрбым екеуміз онда көңіл көтеру үшін барған едік. Алайда мұндайға тап боламыз деп ойламадық. Үстімізде шалбар мен кофта болды, тік өкшелі аяқкиім, юбка кигген жоқпыз, сау болдық. Ешкімге кедергі жасамай-ақ, шеткері жерде билеп жүргенбіз. Бір кезде қасымнан өтіп бара жатқан ер азамат мені құйрықтан тартып жіберді. "Не болды" деп жалт бұрылып қарағанымда, бір жігіт "кешір" деді. Құрбым "бұл - бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қой, мен оны білемін, ол мұнда жиі болады" деді. Мен шағымданамын деп айтқаным сол еді, жұдырық жағыма келіп тиді. Оның қасындағы жігіт мені ұстап қалды, ал сол кезде Артаев қашып кетті", - дейді Айсұлу Ыбрашова.

Боксшының өзі әлі бұл оқиға туралы қандай да бір түсінік берген жоқ. Ал әріптестері оның қызға қол жұмсағанына сенбейді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети