Асанов Бас прокуратура Академиясы қызметкерлерінің төбелесіне қатысты мән-жайды айтып берді

30 Маусым 2017, 11:23
0
Асанов Бас прокуратура Академиясы қызметкерлерінің төбелесіне қатысты мән-жайды айтып берді - © prokuror.gov.kz
© prokuror.gov.kz

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің жұмыс уақытында төбелескеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тергеу жүріп жатыр, екі тараптың әрекетіне де баға беріледі. Полиция тергеп жатыр. Бұл академияда болды, сондықтан кінәлілер әзірше қызметінен шеттетілді. Әзірше тәртіптік комиссияның талқылауына салынған жоқ", - дейді Асанов. 

Журналистер мұндай жанжалдар Бас прокуратура үшін қалыпты жағдай ма деген сұрақ қойды. 

"Қалыпты жағдай емес - нақты айтамын. Мұндай қызметкерлер жұмыс істемейтін болады. Кадрлық жұмысты соңына дейін дұрыс жүргіземіз. Осылайша көп нәрседен құтыламыз. Қазір прокуратура туралы жаңа заң қабылданды, осыған байланысты әр қызметкерге жаңа талаптар қойылады. Көпшілік кетуді ойлап жатқанын айта кету керек. Күзге қарай кадр мәселесі бойынша жиын өткіземіз", - дейді Бас прокурор. 

Еске салайық, 29 мамырда жұмыс уақытында қызметтік бөлмеде Академияның екі қызметкері төбелескен болатын. Ақмола облысы Целиноград ауданының ІІБ сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Академия басшылығы бірден қызметтік тергеу бастады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай