26 маусым 2015 00:45

Әскерге бес күн бұрын кеткен ақтөбелік жұмбақ жағдайда көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"КТК" кадры ©"КТК" кадры

Қостанайда әскерге шақыртылған сарбаз жұмбақ жағдайда мерт болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Қостанайда әскерге шақыртылған сарбаз жұмбақ жағдайда мерт болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Ұлттық гвардия сапына қабылданған ақтөбелік Таңатқан Өтепов белгісіз себептермен ақыл-есі кем жандарды емдейтін мекемеге жатқызылып, артынша жағдайы нашарлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Денсаулығында мін болмаған жігіттің небары 5 күннен соң үйіне табытпен оралуына ата-аналары әскери бөлімдегілерді кінәлап отыр.

Әскерге аттанбас бұрын Таңатқан Өтеповтің жоғары білім алып, мемлекеттік кіріс бөлімінде жұмыс істеп үлгергені белгілі болды. 22 жастағы жігіт шақырту алып, Қостанайдағы әскери бөлімге жөнелтілген. 3 күн өтпей тепсе темір үзетін жігіт белгісіз себептермен ақыл-есі кем жандарды емдейтін мекемеге жатқызылыпты.

Марқұмның әкесі Дүйсенбай Өтеповтің айтуынша, баласы ауырып, екпе алып көрмепті. "Құлауы  мүмкін емес. Өмір бойы бір ауруханаға, бір екпе алып көрген жоқ. Сабасына түсіру үшін доза берген сияқты. Жетем дегенше реанимацияға жатқызылған", - деді ол.

Жайсыз хабарды естіген Таңатқанның ата-анасы алып-ұшып Қостанайға жеткен. Алайда жансақтау бөліміндегі жігіт ес жимастан көз жұмды. Әскери бөлімдегілер Таңатқан сапта тұрып сандырақтағанын айтыпты. Көз жасын көл қылған ана болса, бөлім басшылары бір нәрсені жасырып отыр деген сенімде.

Қостанайлық дәрігерлер сарбаз белгісіз нәрседен улануы мүмкін деген байламға келіпті. Мұны көрген ата-ана диагнозы нақтыланбаған адамды қалайша диспансерге жатқызғанын түсінбей отыр. Әскери бөлімдегілер бұл жайт бойынша түсінік беруден бас тартуда. Қазірде оқиға бойынша тергеу басталып кеткен. Қайғы жұтқан ата-ана болса, заңгер жалдап соттасуға әзірленіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети