25 маусым 2014 17:41

Әскери бөлім 4,5 млн теңгеге кепкен нан сатып алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімі кептірілген нанды 4,5 млн теңгеге сатып алмақ болған. Мемлекеттік сатып алудағы заңбұзушылықты Бас әскери прокуратура анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың қолданылуын тексеру барысында №2034 әскери бөлімге 4,5 млн теңгеден астам сомаға кептірілген нанды жеткізумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы анықталды", - делінген хабарламада.

Бұл өнім техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келмеген және әскери бөлімнің комиссиясы оны негізсіз қабылдаған. Бас әскери прокуратура билікті теріс пайдалану дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері негізінде қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети