Әскери институт қызметшісі кісі қолынан қайтыс болды

11 Мамыр 2014, 15:48
0
Әскери институт қызметшісі кісі қолынан қайтыс болды - Ренат Досалиев. ©Mgorod.kz
Ренат Досалиев. ©Mgorod.kz

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында келісімшарт бойынша қызмет ететін 24 жастағы Ренат Досалиевті белгісіз біреулер өлтіріп кетті, - деп хабарлайды "Мой город".

Жас жігіт мамыр айының басында ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген, бірнеше күн бойы комада жатқан соң 9 мамыр күні қайтыс болды. Досаевты белгісіз біреулер ұрып-соққан. Сол кезде оның қасында қызметтесі болған, жедел жәрдем бригадасын шақырған сол. 

Бұл оқиға бойынша "Денсаулыққа адам өліміне соқтырған ауыр нұқсан келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде осы әскери институттың 19 жастағы курсанты Әділ Ақылбек қайтыс болған еді. Ол 29 сәуір күні институт аумағынан ес-түссіз күйде табылған. Екінші курста оқитын Ақылбек жансақтау бөлімінде бір күн комада жатып, келесі күні қайтыс болды. Әскерилер курсанттың өліміне не себеп болғанын әлі күнге дейін жария еткен жоқ.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай