28 наурыз 2019 11:38

Әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы: "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

"Бас әскери прокуратура бүгінгі күні қозғалған қылмыстық істі қадағалайды, түрлі сараптамалар жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекеті Қазақстан бас прокурорының бақылауында. Тергеу шаралары "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша басталды", - деп хабарлады Лукин Сенаттың қулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлағаны хабарланған еді. 

"2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. 

Кейін тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети