Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астана әуежайында SCAT ұшағының тежеу жүйесі істен шықты

01 Сәуір 2014, 11:51
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Астана әуежайына қондыру кезінде SCAT әуе компаниясы ұшағының тежеу жүйесі істен шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1 сәуірде 04.10-де Астана әуежайына қону кезінде SCAT әуе компаниясының Бангкок - Астана бағытына қатынаған Boeing-757 жолаушылар ұшағының сол жақ шассиінің тежеу жүйесі істен шыққан. Соның салдарынан барлық төрт дөңгелегі зақымданып (қажалу), түтіндей бастаған. Әуежайдың барлық қызметі дайындыққа келтірілді. 

"Ұшақ бортында экипаждың тоғыз мүшесі, 171 жолаушы (122 ересек, 49 бала) болды, ешкім зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі аялдаған жерден жолаушылар көшірілді. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері. 

Мұның алдында SCAT әуе компаниясы Астана әуежайына қонар кезде ұшақтың шасси дөңгелектерінің ауасы шығып кетті деп хабарлаған еді. 

"DV-482 рейсін орындаған ұшақ қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан жүргізу кезінде "антиюзді" дабыл іске қосылып кетті. Оған шасси дөңгелектерінде қысымның азаюы себеп болған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экипаж әуе кемесін әуежайдың арнайы техникасының көмегімен тұраққа жетектеп апаруды ұйғарды", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2013 жылдың ақпан айында Scat компаниясының Ан-24РВ жолаушылар ұшағы Алматы әуежайында қону жолағынан шығып кеткен болатын. Әуе көлігі қапталдағы қар басқан қауіпсіздік жолағына шығып кетіп, 60 градусқа қисайып қалды. Ұшақ бортында 20 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі болды. Кейін оқиғаға ұшақ командирінің қону кезінде белгіленген жылдамдықты сақтамауы және ұшақтың қонғаннан кейінгі жүрісінің бағытын дұрыс ұстамауы себеп болғаны айтылды. Пилотқа бір жылға бостандығын шектеу және авиация саласында тиісті қызметті атқару құқығынан бір жылға айыру жазасы берілді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай