Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Астана ІІД өкілдері көлік аударылған жол апатының мән-жайын хабарлады

29 Сәуір 2016, 14:59
0
© Максим Рожин
© Максим Рожин

Астана ІІД өкілдері көлік аударылған жол апатының мән-жайын хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 27 сәуірде шамамен кешкі 20.00-де Сығанақ көшесінде болған. Алайда оқиғаның мән-жайы бүгін ғана белгілі болып отыр. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр. 

Астана ІІД баспасөз қызметінің келтірген мәліметі бойынша, Volkswagen Passat тізгініндегі 23 жастағы жүргізуші Сығанақ көшесімен Бейсеков көшесінен Тұран даңғылына қарай келе жатып, Hyundai Accent және Nissan Primera маркалы көліктермен соғысқан. Оның салдарынан Volkswagen Passat көлігімен соғысқаннан кейін Hyundai Accent автомобилінің 30 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кетеді. 

Полициядағылардың айтуынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі мен Volkswagen Passat көлігінің 1998 жылғы жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды. 

Айта кетейік, 26 сәуірде Астанада тағы бір жол-көлік оқиғасы болған еді, онда да көлік соғысқаннан кейін аударылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай