04 маусым 2014 18:52

Астана ХҚКО-ларын полиция жасақтары күзетіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада жас отбасыларға арналған жалдамалы баспанаға құжат тапсырумен бірге басталған дүрлігу әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жас отбасыларға арналған жалдамалы баспанаға құжат тапсырумен бірге басталған дүрлігу әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары Астана тұрғындарының таңертең Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге жанталасып, есікті жұлып алғаны туралы хабар таратты. "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Астана бойынша филиалының жетекшісі Гүлмира Бәбенова дүрлігудің болғанын растады, ал есіктің сынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ол бірінші күні Астана қаласы бойынша 830 құжат жиналғанын, екінші күні - 592, 4 маусым күні 310 құжат жиналғанын айтты. "Қазір кісі қарасы азайды. Сенбі күні түске дейін құжат қабылдаймыз. Кезек күткен азаматтардың арасында жанжалдар болып тұрады. Сол үшін азаматтар арасындағы қарым-қатынастың заңдылығын қадағалайтын ОМОН бар. ОМОН келеді, сабырға шақырады. Қақтығыстар, түсінбеушіліктер болып жатады. Кісі қарасы көп, тәртіпті сақтау керек", - деді Бәбенова.

Филиал жетекшісінің айтуынша, жас отбасыларға жалдамалы пәтерлерді бөлу кезінде олардың құжат тапсыру мерзімі есепке алынбайды. "Межелерді әкімдік бағалайды, ХҚКО тек практикалық көмек көрсетеді. Құжат жинау жөніндегі бағдарлама 2-14 маусым аралығында жүргізіледі. ОМОН құжат тапсыру кезеңінде кезекшілік атқарады, егер кейін қажеттілік болмаса, біз оларды босатамыз", - деді Бәбенова.

Еске салайық, 2 маусым күні жалға берілетін баспана алуға құжат қабылдау басталды. Алғашқы күннен-ақ дүрлігу туды. Мемлекеттік бағдарлама шартына сәйкес, жалдамалы пәтерден жасы 29-ға дейінгі отбасы мүшелері үміткер бола алады, олардың Астана қаласында тұрғанына екі жылдан кем уақыт болмауы керек. Олардан баспанасы жоқтығы туралы анықтама талап етіледі. Бұл бағыт бойынша ажырасқандар, жесірлер, жалғызіліктілер сияқты толымсыз отбасы мүшелері де өтініш бере алады. Бағдарлама қатысушыларына әр бала үшін балл есептеледі. Астанада 2014 жылы жас отбасылар үшін шаршы метрінің құны 120 мың теңге болатын 672 пәтер пайдалануға беріледі. Оның 134-і - бір бөлмелі, 380-і - екі бөлмелі, ал үш бөлмелі пәтерлердің саны - 158. Пәтерлер Тілендиев даңғылынан төмен және Сарайшық даңғылынан төмен аудандардағы үйлерден беріледі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети