28 мамыр 2018 13:41

Астана - Көкшетау тасжолында жол апатынан 3 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Астана - Петропавл тасжолында болған жол-көлік оқиғасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Полицейлер Астана - Петропавл тасжолында болған жол-көлік оқиғасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін Желіде жол апатының суреттері жарияланған еді. Суреттерде ауа райының қолайсыздығы анық байқалады. 

 

"27 мамырда шамамен 07:00-де Астана - Петропавл автожолында Hyundai Grand Starex маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқаруды игере алмай бетондалған Көлік бақылау бекетінің ғимаратына соқтығысқан", - деді полицейлер. 

Оқиға орнында екі жолаушы қаза тапқан, кейін ауруханада тағы бір жолаушының қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Тағы төрт адам Шучинск қаласындағы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша жүргізілді. Сараптамалар тағайындалды. 

Жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети