03 маусым 2018 15:04

Астана мен Екібастұзда екі бала терезеден құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

Астана мен Екібастұзда екі бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана мен Екібастұзда екі бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖК мәліметтері бойынша, 2 маусымда Павлодар облысы Екібастұз қаласында бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2016 жылғы бала құлап кеткен, ол ересектердің қарауынсыз қалыпты. Бала ауруханада қайтыс болды. 

Сонымен қатар, Астанада алтыншы қабаттан алты жасар бала құлап кетіп, ол да ауруханада көз жұмды.

ТЖК мамандарының айтуынша, барлық оқиғада балалар терезе алдына өздері шығып кетеді, олар жиһаздардың үстіне шығып, терезедегі торға сүйеніп тұрады, ақыры сол тормен бірге терезеден құлайды.

"Құлап кету оқиғаларының басым бөлігінде балалар ересектердің қарауынсыз қалған, туғандары мен туыстарының салғырттығынан терезелер жабылмаған, терезелерде құлып-тұтқалар болмаған, жиһаздар дұрыс қойылмаған, осының барлығы баланың өздігінен терезе алдына шығып кетуіне мүмкіндік жасайды, сонымен қатар, москит торынан терезе жабылып тұрғандай көрінеді", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети