1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Астана орталығында Mercedes өртенді

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана орталығында Mercedes-Benz автомобилі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Видеоны редакцияға куәгерлер жіберді. 

"17:26-да "101" пультіне автокөлік өртенгені туралы хабар түсті. Кезекші жасақтың келіп жеткен сәтінде жағдай мынадай болған: Mercedes-Benz маркалы автокөлігінің салоны мен багажы өртеніп жатқан. Өрт 17:33-те ауыздықталды, 17:34-те толығымен сөндірілді", - деді ТЖК өкілдері. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. 

Өрт сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметінің жеке құрамның 10 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылды.