24 тамыз 2017 09:56

Астана полицейлері автобус жасаған жол апатының мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада автобус пен 9 көліктің жол апатына ұшырау салдарынан үш жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Астанада автобус пен 9 көліктің жол апатына ұшырау салдарынан үш жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводағылар шамамен сағат 14.34-те "Ивеко" көлігінің жүргізушісі Уәлиханов көшесінен Республика даңғылына қарай № 45 үйге қарама-қарсы жерде көлік құралын толықтай тоқтатпай, салдарынан алдында тұрған 9 көлікті соғып кеткенін хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жүргізуші дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Екі жүргізуші алғашы медициналық көмек алған соң үйлеріне жіберілді. Volkswagen Polo жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше, 23 тамызда Астанада автобустың жол апатына ұшырап, шамамен 10 көлікті соғып кеткені жайлы хабарланған болатын. "Автобус бір топ көліктің ортасына ұшып келді. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан жоқ еді, шамамен сағатына 40 шақырым", - деген еді куәгерлердің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети