13 наурыз 2014 17:29

Астана полицейлері мұз астына түсіп кеткен балаларды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Frant.me ©Frant.me

Астанада полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі баланы құтқарды деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 13 наурыз күні бесінші сыныптың екі оқушысы "Алатау" спорт кешенінен келе жатып, жолды қысқарту үшін Ақбұлақ өзенін кесіп өтпек болған. Бірақ мұз тым жұқа болғандықтан, опырылып, балалар суға түсіп кетеді. Осы кезде спорт кешеніне келе жатқан екі тәртіп сақшысы Бейісов пен Мұса-Намаз балаларды байқайды. Олар оқушыларды өзеннен шығарып, жедел жәрдем шақыртады. Зардап шеккендер қалалық балалар ауруханасына тексеруге жіберілді. Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті күндізгі және түнгі ауа температурасының ауытқуына байланысты суқоймаларда мұздың босаң болып тұратынын ескертеді. "Өзендердің қатты ағыс болатын тұстарында, сағалары мен құйылыстарында, сондай-ақ, қамыс пен бұталарға жақын маңдарда мұз қатты емес", - дейді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети