Астанада 12 жастағы қыз ашық тұрған құдыққа құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада 12 жастағы қыз ашық тұрған құдыққа құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент өкілдерінің мәліметінше, Астана ІІД ЖБО-ға сағат 14.00 шамасында Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы көшеде кәріз құдығына бала түсіп кеткені туралы хабарлама келген. "12 жастағы қызды құдықтан куәгерлер алып шықты. Қақпақ құдықтың жанында жатқан екен. Қыз тексеруден өту үшін балалар ауруханасына жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Осы дерек Астана ІІД "Алматы" аудандық ІІБ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 371-бабы ("Немқұрайлылық") бойынша тіркеуге алынды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Facebook қолданушылары да қаланың түрлі ауданындағы ашық тұрған құдықтардың суретін жариялап жатыр.
"Астана - Что? Где? Когда?" тобына Марина Лечебрина есімді қолданушы Иманов көшесі мен Республика даңғылының қиылысында түсірілген суретті жүктеді.
Фото: Facebook.com/Marina Lechebrina
Дәл сол топта тағы бір қолданушы сол жағалаудағы, "Asia Park" сауда және ойын-сауық орталығы маңында түсірілген суретті жариялады.
© Facebook.com/Мерхат Айқынов