Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада 16 қабатты үй өртенді

22 Шілде 2015, 17:19
0
© 24KZ
© 24KZ

Астанада "Жеті бөшке" тұрғын үй кешенінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорданың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілдеде сағат 15.38-де Астана ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне Сығанақ 5, "Жеті бөшке" ТК-де өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына барған кезде 16 қабатты №5 үйде 12-ден 15-қатқа дейін жылытқыш қаптаманың өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттан соң жетті, жедел әрекеттердің арқасында өрт таралып кеткен жоқ", - деді ТЖД өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16.30-да ауыздықталған. Өртті сөндіруге 6 техника мен жеке құрамнан 29 адам жұмылдырылды. "Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай