13 маусым 2016 09:50

Астанада 18 жастағы студент жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен Спандияр Еркебұлан © Астана қалалық ІІД Жоғалып кеткен Спандияр Еркебұлан © Астана қалалық ІІД

Астанада осымен алтыншы күн 18 жастағы студентті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Студент оқуға кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Астанада осымен алтыншы күн 18 жастағы студентті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Студент оқуға кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

7 маусымда Спандияр Еркебұлан үйінен таңғы уақытта шығып кеткен. Келесі күні жігіттің анасы полицейлерге хабарлаған. Студенттің қазір қайда екенін жақындарының ешқайсысы білмейді.

"Осы дерек бойынша іздестіру ісі қозғалды. Іздестіру шараларына Астана қалалық ІІД жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен еріктілер атсалысып жатыр.

Алматы, облыстар және көліктегі ішкі істер департаменті де іздестіру шараларына жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Жоғалып кеткен студенттің белгілері: бойы шамамен 174 сантиметр, арық, шашы қара, қысқа. Ұзын женді ақ жейде, қара көк шалбар мен қара түсті аяқ-киім киген.

Еркебұлан жайлы мәлімет білетіндерден полицейлер Астана қаласының ІІД мына мекен-жай бойынша хабарласуын сұрайды: Бейбітшілік көшесі, 19 немесе 102.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети