Астанада 22 жастағы қыз 12-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады.
Астанада 22 жастағы қыз 12-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады.
"Қыз Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 12-қабатынан құлап кетті. Пәтер ішінен құлыптаулы болған. Қыздың аты-жөні анықталды. Астана тұрғыны, 1995 жылғы қыз", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.
"Полиция қызметкерлері шелек пен шүберектерді тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз терезе жуып жатып құлап кеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.