08 желтоқсан 2014 22:13

Астанада 3 жасар қыз бала көшедегі кәріз құдығына құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зардап шеккен Ясмин ауруханада. ©24.kz Зардап шеккен Ясмин ауруханада. ©24.kz

Астана көшелерінің бірінде үш жасар сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.


Астана көшелерінің бірінде үш жасар сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Қыз баланың құлап кеткенін әкесі мен көршілері дер кезінде байқап қалып, көмекке ұмтылады. 20 минуттан соң қыз бала құдықтан шығарылды. Бұдан соң Ясмин жөтеле бастады, үсіп қалған саусақтарының терісі түсіп қалды.

Дәрігерлер қыз баланы №2 қалалық ауруханаға жеткізді. Оған "аспирациялық пневмония" деген диагноз қойылды. Сәби ауруханада әлі бір аптаға жуық емделетін болады.

Қазір көшедегі кәріз құдығының не себепті ашық болғаны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше оқиға қар тазалаушы машинаның кінәсінен болды, ол құдықтың темір қақпағын кездейсоқ ысырып, ашып кетуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети