Астананың басты көшелерінің бірінде 57 жастағы әйел жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Астананың басты көшелерінің бірінде 57 жастағы әйел жол-көлік оқиғасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
© Tengrinews.kz
"7 желтоқсанда 21.30-да 57 жастағы жүргізуші "Киа" көлігін жүргізін Республика даңғылымен Иманов көшесінен Тәшенов көшесіне қарай жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалып, көшені жарықтандыру бағанасына соғысты", - деп хабарлады Астананың ІІД өкілдері.
Жол апатының салдарынан жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберіліпті. Полицейлер анықтау шараларын өткізіп жатыр.