22 маусым 2015 10:55

Астанада 9 полицей жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Астанада 9 полицей жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.


Астанада 9 полицей жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

"Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін полицияның 9 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген басқарма хабарламасында.

Баспасөз хабарламасында олардың 19-22 маусым аралығында жүргізілген "Қауіпсіз жол" республикалық арнайы шарасы кезінде ұсталғаны хабарланған. Осы уақытта қаланың жол-патруль полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне өтті, елорда автожолдарында басқарма аппаратының қызметкерлері бақылау жасақтарын нығайтты.  

Рейд шаралары кезінде жол қозғалысы ережесін бұзудың үш мыңнан аса дерегі тіркелді, олардың ішінде 400 ереже бұзу дерегі жылдамдық режимін асыру, 382 дерегі қауіпсіздік белбеуін тақпау, 272 дерегі көлік құралын жүргізу сәтінде ұялы телефонмен сөйлесу, 124 дерек маневр жасау ережесін бұзу, 96 дерек апат жағдайын туғызу, 32 дерегі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету бойынша тіркелді.

Сонымен қатар, басқарма мәліметінше, 39 жүргізуші құжатсыз көлік басқарғаны үшін ұсталды. Оның ішіндегі он жүргізуші осыған дейін көлік жүргізу куәлігенен айырылған. Көлікті мас күйде жүргізген 33 адам ұсталды. 230-дан аса жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өту дерегі бойынша жазаға кесілді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети