01 маусым 2015 12:04

Астанада Mercedes Gelandewagen аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тengrinews Иллюстрация. © Тengrinews

Астанада тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқан Mercedes Gelandewagen аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.


Астанада тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқан Mercedes Gelandewagen аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасы 31 мамыр күні таңғы сағат 05.00 шамасында Түркістан көшесіндегі №13 үйге қарама-қарсы жерде болды. Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен Сарайшық көшесіне қарай кетіп бара жатып, №13 үйдің қарама-қарсысында рульге ие бола алмай, Түркістан көшесінде тұрақта тұрған Toyota маркалы автокөлігіне соғылды", - деп хабарлады Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Лариса Красникова.

Мамандардың хабарлауынша, жол апатының салдарынан Mercedes Gelandewagen бір жағына қарай ауып, аударылған және оның жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алды. Бұл дерекке қатысты қазір тергеу жүріп жатыр, оның барысында жол апатының себебі анықталатын болады. Басқарманың мәліметінше, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат және көліктің иесі - 1983 жылғы ер адам.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети