30 желтоқсан 2014 22:31

Астанада автокөлік мұз боп қатып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Tengrinews.kz оқырманы жіберді Суретті Tengrinews.kz оқырманы жіберді

Астанада автокөлік мұзға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен түні Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшеде орналасқан "Тұрсын Астана" тұрғын үй кешенінде төтенше оқиға болды. Бұл туралы портал редакциясына Tengrinews.kz оқырманы хабарлап, оқиға орнынан түсірілген суретті жіберді.

Автокөлік аққан судан мұз болып қатқан. Қошқарбаев көшесінде "Астана су арнасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құбыр шаюмен айналысып жатқаны анықталды. Бұл туралы "Тұрсын Астана" тұрғын үй кешенінің пәтер иелері кооперативі компаниясының директоры хабарлады. 

"Астана су арнасы" тасжолды шайып жатты, жұмысшылар шлангыны кәріз жүйесіне тастаған болар. Не біреу әзілдегісі келді, не біреу түнде шлангыны байқамай, көлікпен қозғап кеткен. Себебі шланг өзі құдықтан шығып кетпейді. Түнде біреулердің іші пысқан болуы керек, олар осылай ойнағысы келген шығар", - деп хабарлады Айнұр Мусина телефон арқылы. Оның айтуынша, мұның алдында тұрғын үй кешенінің пәтер иелері кооперативі басшысы "Астана су арнасына" үйге құм аралас су ағып жатқанын хабарлап, құбырды тазалауға өтініш білдірген. 

Айнұр Мусинаның айтуынша, бұл ауданда құбырды шаю жалғасып жатыр. Айта кетейік, болған оқиғадан тағы екі көлік зақымданды. Олардың дөңгелектері жерге қатып қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети