11 қараша 2014 17:22

Астанада автокөлік өзенге түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com ©Facebook.com

Mercedes автокөлігі Астананың Еуразиялық ұлттық университетінің маңындағы Ақбұлақ өзеніне түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне жасап.


Mercedes автокөлігі Астананың Еуразиялық ұлттық университетінің маңындағы Ақбұлақ өзеніне түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне жасап.

Астана қалалық ІІД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне куәгерлерден сағат шамамен 11-де Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің бас корпусы автотұрағында Mercedes маркалы автокөліктің қоршауды басып, өзенге алдыңғы терезесіне дейін түсіп кеткені жайлы хабарлама келіп түсті", - деді полицейлер. 

Оқиға болған жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері осы дерекке сәйкес "Көлік құралын жүргізушінің жол және басқа да құрылыстардың зақымдануына әкеліп соқтырған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген ережелерді бұзу" бабы бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта болған оқиға жағдаяттарын тексеру жұмыстары өткізіліп жатыр. Қираған қоршауды көлік жүргізушісі жөндеді. Жапа шеккендер жоқ. Автокөліктің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети