1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада автомобиль санаулы секундтардың ішінде өртеніп кетті

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада автомобиль санаулы секундтардың ішінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды оқиғаның куәгері болған Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға шамамен 20.30-да оңтүстік жағалаудағы орталық көшелердің бірінде, Қаржы министрлігінің ғимараты маңында болды. Audi A4 автомобилі өртенді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның айтуынша, оқиға санаулы секундтардың ішінде болды. Ол көліктегі бағалы заттары мен құжаттарын алып үлгеріпті. Жүргізушінің айтуынша, көліктің электр жүйесінде ақау шықты, бірақ оның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды. 

Жоғары температурадан оның маңында тұрған Toyota Camry көлігі бүлінді. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарды. Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.