Астанада әйел адам менингококк жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

07 Маусым 2018, 14:25
0

Астанада 1980 жылғы әйел менингококк жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 маусымда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1980 жылғы әйел келіп түсті. Алдын ала диагнозы - менингококков инфекциясы, менингококцемия. Жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Ол қазіргі уақытта аурухананың профильдік бөлімінде жатыр. Тексеріп жатырмыз", - деп хабарлады басқармадағылар.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 13 адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Ал бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин менингит жұқтыру жағдайларының азайғанын айтқан болатын. "Үш бала әлі де жансақтау бөлімінде - Алматы облысы және Астанада. Алматыда менингитпен жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда өз еркімен 360 адам екпе салдырды", - деген еді ол. 

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан болатын.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай