08 шілде 2017 16:16

Астанада балабақша өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада балабақша ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі. Астана қалалық ТЖД ақпараты бойынша, ғимарат бос тұр, онда адамдар жоқ. 


Астанада балабақша ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі. Астана қалалық ТЖД ақпараты бойынша, ғимарат бос тұр, онда адамдар жоқ. 

Астананың Иманов-Янушкевич көшелеріндегі жеке үйлер орналасқан аумақта болып жатқан оқиғаның видеосын Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер жолдады. 

"Шамамен 15:40-та сол маңнан өтіп бара жатқанбыз, Иманов көшесінде өрт болып жатқанын көрдік. Ол жерде жекеменшік үй болу керек", - дейді видеоны жолдаған куәгер. 

Өрт шарпыған аумақ анықталып жатыр, ал зардап шеккендер туралы әлі ақпарат түскен жоқ. 

"Жабылып қалған балабақша өртеніп жатыр, жұмыс істемейді. Қазіргі кезде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ғимаратта ешкім тұрмайды", - дейді ведомство өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети