22 шілде 2015 20:47

Астанада балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©waterfuns.ru ©waterfuns.ru

Астанада балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Астананың қалалық жағажайында 19 шілдеде болған. Сол күні елордада ауа райы ыстық болды, бірақ, кейін күшті жел тұрды. Жағажай әкімшілігі орнатқан су батутының бекіту құрылғылары жұлынып кетіп, 14 үстінде ойнап жүрген 14 бала бар батут (жастары 7-14 аралығында) өзеннің ортасына дейін апарып тастады.  

Бұл кезде жағажайда кезекшілік атқарып жүрген құтқарушылар патрулі екі қайықпен батутты жағалауға тартып апармақшы болған, алайда бұл олардың қолынан келмеді. Сондықтан құтқарушылар балаларды қайыққа отырғызып, уайымдаған ата-аналарына дін-аман жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети