Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінің тұрғындары суицид жасаған қыз туралы айтып берді

03 Шілде 2016, 18:33
1
© Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінің тұрғындары таяуда түнде суицид жасаған қыз туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2 шілдеге қараған түні бір қыз 22-қабаттан құлап түскен болатын.

24-қабатта тұратын ер адамның айтуынша, сол түні ол лифтпен жоғары қарай қаза болған қызбен бірге көтерілген. "Мен үйге келе жаттым, лифтке кірсем, екі адам тұрды. Мен кіргенде артымнан сол қыз да кірді. Ол телефонмен сөйлесіп тұрды. Қажетті қабаттың батырмасын бастым да, одан қай қабатқа көтерілетінін сұрадым. Ол ештеңе айтпай, өзі 22-қабаттың батырмасын басты. Осыдан кейін мен оны көрмедім. Көршілер оның бір сағат бойы телефон арқылы сөйлескенін айтты", - дейді Елдос есімді тұрғын.  

Елдос 23.50-де аулада шу естілгенін айтты. Қыз сол уақытта секіріпті. Ол құлаған жердегі кіреберістің металл қоршауы майысып кетіпті. Тұрғындардың айтуынша, қыз лифт пен баспалдақты жалғайтын дәліздің балконынан өзі секіріпті. 

"Аулада полицейлер таңғы беске дейін жүрді, барлық тұрғыннан жауап алды. Бірақ үйдің тұрғындары да, ауладағылар да ол жайлы ештеңе айта алмады. Себебі оны ешкім танымаған. Криминалистер де суицид болды деген шешімге келіпті. Егер оны итерген біреу болса, ол терезенің астынан ұстауы керек болған, бірақ қыздың өзі терезенің ернеуінен ұстап тұрған", - дейді тұрғындар.

"Ол баспалдақ өткелінде сөмкесін және киімдерін тастапты", - деді тағы бір тұрғын.   

"Далада оның басының жартысының жоқ екенін көрдім. Биіктіктен құлағанда басы жарылып кетіпті, миы шашылып кеткен. Шықсам, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр екен. Оны шешіндіріп, сараптама жасай бастады. Маңында күртесі мен спорттық аяқ киімі жатты", - деді тұрғындардың бірі.

Осыған дейін полицейлер қаза тапқан қыздың Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны екенін хабарлаған еді. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз суицид жасаған. Сөйтсе, ол соңғы күндері ата-анасымен жанжалдасыпты. Маусым айында ол елордаға көшіп келіп, жұмыс іздестіріпті. Ол ешбір университеттің студент емес.  

3 шілдеде "Байқоңыр" тұрғын үй кешеніндегі төрт үйдің тұрғындары ауызашар өткізді. Олардың айтуынша, қасиетті Рамазан айында бұл тұрғын үй кешенінде екі бірдей қайғылы оқиға болыпты. Еске салайық, Рамазан айының бірінші күнінде, 6 маусымда бұл жерде өрт шыққан болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай