04 шілде 2014 12:50

Астанада бес әйелді "сүйіктісі" сазға отырғызған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Nnm.ru ©Nnm.ru

Астанада күшік күйеу боп күн көруді әдет қылған жігіт кем дегенде бес әйелді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада күшік күйеу боп күн көруді әдет қылған жігіт кем дегенде бес әйелді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтан зардап шеккендер полицияға шағымданды. 30 жастағы ер адам бірден қолға түсті. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Күнкөрістің ерекше әдісін тапқан жігіт әйелдермен танысып, олардың сеніміне ие болғаннан кейін "сүйіктілерінің" бар қымбат дүниесін үптеп кетеді екен. 

Әйелдердің бірін оңтүстікқазақстандық альфонс суши-барға шақырған. Кешкі астан кейін ол досына хабарласу үшін әйелдің ұялы телефонын сұрап алады да, қашып кетеді. 160 мың теңге тұратын телефонынан айырылған бикеш мейрамхана үшін өзі есеп айырысуға тағы мәжбүр болған. 

"Тағы бір зардап шегуші М. деген азаматпен Орталық саябақта танысқанын айтты. Үш күн ішінде ол сыйлы қамқоршы ретінде қыздың көңілінен шыға білген, кейін ол қызға қонақүйде көңіл көтеруді ұсынады. Ер адам нөмірден қыздың ақшасын, ұялы телефоны мен зергерлік бұйымдарын алып, тайып тұрған. Келген шығын - 194 мың теңге. Алфьонс тағы бір құрбанының 200 мың теңге тұратын телефонын көзін бақырайтып қойып, тартып алған", - дейді полиция қызметкерлері.

Жауап алу кезінде ер адам ұрлаған заттарын алыпсатарларға өткізіп, үстінен тапқан пайдасына пәтер жалдағанын айтты. Полицейлер алаяқтың құрбандары әлі де көп болуы мүмкін деп пайымдайды. Күдіктіге қатысты "Тонау" және "Алаяқтық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети