06 сәуір 2015 19:22

Астанада бес қабатты тұрғын үй ғимаратының төбесінен өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Асель Сатаева @Асель Сатаева

Астанада бес қабатты тұрғын үй ғимаратының төбесінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. Нәтижесінде үйдің шатыры құлады.


Астанада бес қабатты тұрғын үй ғимаратының төбесінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. Нәтижесінде үйдің шатыры құлады.

"6 сәуірде сағат 15:06 уақытында Ақбұлақ көшесіндегі 36-шы үй өртеніп жатыр деген хабарлама келді. Өрт сөндіру бөлімшесі бес минуттан кейін оқиға орнында болды. Белгілі болғандай, бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр екен. Өртті ауыздықтауға 9 техника мен 40 адам жұмылдырылды", - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, 105 шаршы метр жер өртенген. "Өрттің кесірінен үйдің шатыры біртіндеп құлай бастаған. Жәбірленушілер қашып үлгерді. Өрт сағат 16:30 да толық ауыздықталды. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бүгін  Астана қаласында шағын автобустың өртеніп кеткені хабарланған еді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус маршрутты емес, оның ішінде жолаушылар болмаған, жүргізуші көліктен түсіп үлгерген, зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети