Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада бір адамды пойыз басып кетті 14 сәуір 2014, 09:37

Теміржолды кесіп өтпек болған ер адам Петропавл - Алматы бағытындағы №152 "Тальго" жолаушылар пойызының астына түсіп қалды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Астанада теміржолды кесіп өтпек болған адамды "Тальго" электр пойызы басып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Алматы ауданындағы Астана - Сороковая теміржол өткелінде болды. "13.04.2014 күні сағат 22.08-де теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту кезінде ер адам Петропавл - Алматы бағытындағы №152 "Тальго" жолаушылар электр пойызының астына түсіп қалып, алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", - делінген министрліктің хабарламасында. Қазір марқұмның аты-жөні анықталып жатыр.

Еске салайық, сәуір айының басында Павлодарда жүк пойызы рельстің бойында ұйықтап жатқан ер адамның үстінен өтіп кеткен болатын. Үй-күйі жоқ адам аман қалды. 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті