08 қыркүйек 2014 15:33

Астанада бір қыз 21-қабаттан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде 20 жастағы қыз 21-қабаттан секіріп кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбековаға сілтеме жасап.

"Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр, оқиғаның жай-жапсары анықталып, тексеріліп жатыр. "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде 1994 жылы туған қыз 21-қабаттың балконынан секіріп кетті. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келді, шақыру сағат 11.15-те келіп түсті", - деді Қолышбекова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қыз "Астана салтанаты" тұрғын үй кешенінде тұрмаған. Полицейлер куәгерлердің айтуы бойынша оқиғада қылмыс белгісі жоқ екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети