1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада бір тәулікте екі жұмысшы жоғарыдан құлап кетті

Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Астанада жұмысшы 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ТЖМ сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 8 маусым күні шамамен сағат 12-лер шамасында Ақан сері мен Оқжетпес көшелерінің қиылысындағы "Медина" тұрғын үй кешенінде болған. 

1994 жылы туылған "Элитстрой Қазақстан" ЖШС жұмысшысы ауруханаға жатқызылған. 

ТЖМ мәлімдеуінше, дәл сол күні осыған ұқсас жағдай тағы да орын алған. Астананың Есіл ауданындағы коттеджді қалашықта элертромонтаж жүргізіп жатқан кезде 1972 жылы туылған азамат екінші қабаттан құлап кеткен. Ол да дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған. 

Бұл оқиға 8 маусым күні шамамен сағат 19:00-де болған.