26 тамыз 2015 | 16:48

Астанада екі жасар сәбиді басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Екі жасар сәбиді басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстық іс №2 Есіл аудандық сотында қаралды.


Иконка комментария блок соц сети

Екі жасар сәбиді басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстық іс №2 Есіл аудандық сотында қаралды.

"Соттың үкімімен сотталушы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ол екі жыл алты ай уақытын қоныс колониясында өтейді, сонымен қатар жүргізуші куәлігінен бес жылға айырылады", - деп жазылған соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2015 жылдың 30 мамырында болған еді. "ГАЗ-53" автомашинасы үй ауласында 2013 жылғы баланы басып кеткен. Сәби алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Сотта 30 жастағы ер адам кінәсін толықтай мойындады. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші кері айналатын кезде арнайы сигнал беруі керек, ол жоқ болған жағдайда қолмен белгі беруі керек. Дегенмен жігіт бұл ережелерді орындамаған.

Сот қылмыстық жауапкершілікті мына себептерге байланысты жеңілдетті: кінәсін толықтай мойындау, кәмелеттік жасқа толмаған үш баласының болуы, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылуы, өкінуі, сонымен қатар, жәбірленуші тараптың сотталушыға шағым түсірмеуі.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети