19 тамыз 2016 11:23

Астанада ер адам қоқыс төккені үшін айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© trkmedia.ollcdn.net © trkmedia.ollcdn.net

Астанада ер адам қоқыс төккені үшін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД жергілікті полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада ер адам қоқыс төккені үшін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД жергілікті полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, тазалағыш көліктің жүргізушісіне 63 630 теңге айыппұл салынған.


Астана қалалық ІІД жергілікті полиция баспасөз қызметі

"Астана қаласының ІІД-нің ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау полиция қызметкерлері 1970 жылғы ер адамның басқаруымен ГАЗ-53 автокөлігін ұстаған. Ол көлігіне толған нәжістерді Сейфуллин көшесіндегі канализациялық люкке төккен. 46 жастағы ер адамның бұл әрекеті бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отырғандықтан, полицейлер оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы ("Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ер адамға 30 АЕК (63 630 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, жыл басынан бері Астана қаласының ІІД-нің жергілікті полиция қызметі тазалаушы көліктің 45 жүргізушісін абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жалпы саны 1 537 725 теңгеге дейін айыппұл салған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети