22 қараша 2015 12:06

Астанада газ баллоны жарылып, 10 адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 112.ua © 112.ua

Астанада жатақханадағы газ баллоны жарылып, 10 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап. 


Астанада жатақханадағы газ баллоны жарылып, 10 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап. 

Өрт туралы хабар 21 қарашада 13.43-те келген. Өртсөндірушілер кегенде екі қабатты жатақхананың бірінші қабатының түгелдей өртеніп жатқаны анықталды. Бөлмелердің бірінде жеке заттар мен жиһаз өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газ баллонының жарылысы себеп болған. Өртсөндірушулер алты газ баллонын алып шықты. Жарылыс салдарынан 10 адам зардап шекті, оның төртеуі балалар. Олар ауруханаға жеткізілді. Өрт 14.44-те сөндірілді. 

"Айта кетейін, ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитет өрт қауіпсіздігінің ай сайынғы рейдінде міндетті түрде осындай қауіптерге байланысты ескерту жасайды, алайда халық біздің кеңесімізді әрдайым тыңдай бермейді. Газ баллондары жылыту радиаторларынан және басқа да жылыту құрылғыларынан кем дегенде бір метр қашық орналасуы керек", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети