11 қаңтар 2017 14:10

Астанада жаңа жыл түні пәтерде петарда жарылып, өрт шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа жыл түні пәтерде петарда жарылып, өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жаңа жыл түні пәтерде петарда жарылып, өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындары - Чукреевтар отбасы Жаңа жылды алғаш рет үйде емес, қала сыртында қарсы алмақшы болған. 1 қаңтарға қараған түні шамамен сағат 3-терде отағасына көршілері хабарласып, Сәтбаев көшесінде орналасқан 6-қабаттағы пәтерінің өртеніп жатқаны жайлы хабарлаған.

Содан пәтер иелері төтенше жағдай болған жерге барғанда, өрт ауыздықталған екен. "Өрт сөндірушілер пәтерге терезе арқылы кірген. Петарда шыныдан өтіп кетіп, жарылып кеткен. Содан өрт шыққан", - деді пәтер иесі Константин Чукреев.

"Өрт сөндірушілер акт жазып, мұны байқаусыздан петарданың кесірінен болғанын айтты. Істі ауданық ІІБ-не жолдады. Мен онда барып арыз жаздым. Әзірше тергеу қорытындысын алмадық. Қазір бұл үшін кімнің жауап беретінін түсіне алмай отырмыз", - деді пәтер иесі.

Ал үйде орналасқан видеокамера жазбалары еш нәтиже берген жоқ.

"Бізде видеокамералар орнатылған, біз оған ақша төлейміз. Полицейлерді де шақырдық. Бірақ олар ондағы жазбаның өшіріліп кеткенін және сақталмағанын айтты. (...) Кейін полицейлер келіп, петардадан қалған заттарды алып кетті", - деді Константин Чукреев.

Қазіргі уақытта отбасы 1 қабатқа жоғары тұратын көршісінің үйінде тұрып жатыр. "Өрттен кейін ештеңе де сақталмаған. Барлық заттың өртеніп кеткені соншалық, киім-кешектерді қанша жусақ та, өрттің иісі кетер емес", - деді ер адам жаңа жыл түні Астанада осыған ұқсас бірнеше төтенше жағдайдың болғанын айта отырып.

"Біздің пәтеріміздегі өртті сөндірген жігіт сол түні петардадан шыққан өрт үшін бірнеше пәтерді сөндіргендерін айтып берді", - деді Константин Чукреев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети