Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.32
EUR / KZT - 392.29
CNY / KZT - 50.53
RUB / KZT - 5.63

Астанада жаяу жүргіншілерді қағып кеткен Infiniti жүргізушісі үндеу жариялады

15 Қараша, 10:22
9

Желіде Астанадағы "Керуен" сауда орталының аумағында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен Infiniti жүргізушісі Болат Молдағалиевтың үндеуі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онда автор жол апатынан зардап шеккен Әсел Рымхановадан кешірім сұрап, барлық жағдайды түсіндіреді.

"Мені барлығы жол апаты болған жерден қашып кетіп, қыздарды сондай жағдайда қалдырып кеткен бір бай адам ретінде немесе шегіп алған адам ретінде көрсеткісі келіп жатыр. Бірақ бұл айтылғандар шындыққа еш жанаспайды. Менің ұстамалы ауруым бар, сол себепті мен жағдайды бақылай алмай, осылай болып қалды. Көлігімді ашып, оны тоқтатқан балалар болмағанда бұдан да сұмдық жағдай болар еді", - дейді үндеу авторы.

Ер адамның айтуынша, жедел жәрдем қызметіндегілер оны алып кеткен кезде ол ес-түссіз жағдайда болды.

"Маған ота жасалды, кейіннен жансақтау бөліміне жатқызды. Есімді жиып, не болғанын енді айтып жатырмын. Қатты ауырдым. Өзімді ақтап жатқан жоқпын. Әсел мен оның жақындарынан кешіріп сұраймын. Құдайдан Әселге көмек беруін сұраймын. Болған жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойныма алуға дайынмын. Әселдің жағдайының жақсаруы үшін барлығын жасауға дайынмын", - деді ер адам.

Сондай-ақ, ол қоғамдағылардан асығыс шешім қабылдамауларын сұрады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада Infiniti жүргізушісінің үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған болатын. Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің бірі - 25 жастағы қыз алғашқы көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Ал Infiniti жүргізушісі мен 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген болатын.

Ал кейінірек зардап шеккен қыздың жағдайын айтып берген болатын. "Бас миы шайқалып, оң жақ маңдайы жарақаттап алған. Маңдайын ұрып алған. Оң бұғанасы үгіліп, сол бүғанасы сынған. Кеудесінен ауыр соққы алған. Сол жағының 3,4,5,6-шы қабырғалары сынып, қозғалып кеткен. 1-2 деңгейлі шок алған", - деп хабарлаған еді қалалық Денсаулық басқармадасындағылар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай