19 маусым 2017 16:33

Астанада жеке тұрғын үй өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жеке үйдің шатыры өртенді. Өрт аумағы - 100 шаршы метр. Қаланың басқа бір бөлігінде көпқабатты үйдің балконында өрт шықты. Бұл туралы мәліметті елордалық ТЖД өкілдері растап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жеке үйдің шатыры өртенді. Өрт аумағы - 100 шаршы метр. Қаланың басқа бір бөлігінде көпқабатты үйдің балконында өрт шықты. Бұл туралы мәліметті елордалық ТЖД өкілдері растап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманов - Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан жеке үйдің шатыры өртенді. Оқиға орнынан куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына суреттер жіберді. 

 

"Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт аумағы 100 шаршы метр. Өртті сөндіруге үш арнайы техника мен 14 адам жұмылдырылды", - деді департамент баспасөз қызметіндегілер.  

Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде пәтердің балконында өрт шықты. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  пәтердің ішкі бөлігінде өрт болмаған, шынымен қапталған балконда щаруа заттары өртенген. Өрт аумағы - 10 шаршы метр.  

Еске салайық, Астанада ыстық ауа райы тіркелді. Синоптиктердің мәліметінше, ыстық ауа райы 28 маусымға дейін созылады. Өткен демалыс күндері ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілген, ал 26-27 маусымда ауа температурасы 39 градусқа дейін жететіні хабарланады.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети