1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада жоғалып-табылған жігіт үш күн бойы компьютерлік клубта ойын ойнаған24 маусым 2016, 12:23

Астанада жоғалып-табылған 23 жастағы Иван Лебедев үш күн бойы компьютерлік клубта ойын ойнаған және қонақүйлерде түнеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

23 маусымда Лебедевтің туыстары оның 20 маусымда жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Осы дерек бойынша полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Кейін оның таныстарынан сұрастырылып, компьютерлік клубтар тексерілген. 

"Бүгін (24 маусымда - Авт.) шамамен 10.00-де Лебедев табылды. Жауап алу кезінде ол компьютерлік ойындарға қызығушылығына бола отбасында жанжал туғанын айтты. Сондықтан ол үйіне қайтқысы келмепті. Осы уақыт бойы ол қонақүйлерде түнеп, күндіз компьютерлік клубта отырған", - деді ІІД өкілдері.

Еске салайық, ер адам 20 маусымда үйінен таңғы уақытта шығып кеткен. "Ол жұмысына кеткендей болған. Әйеліне бірнеше сағаттан кейін келетінін айтып, өзі компьютерлік клубқа ойнауға кетіпті. Кешке Иванды оның жақсы досы кездестірген. Ол Иванды алып кетіп, үйіне дейін жеткізген. Аулада олар әңгімелескеннен кейін тарқасқан. Досы кетіп қалған, ал інім үйге келмеді", - деді жоғалған жігіттің ағасы Николай Лебедев.