Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Астанада жол апатын жасаған Lexus жүргізуші мас болмаған - Астана қалалық ІІД

08 Қыркүйек 2016, 12:32
0
© Facebook
© Facebook

Астанада жол апатын жасаған Lexus жүргізуші мас болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Иманов пен Асан Қайғы көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

"Астана қалалық ІІД тергеу басқармасындағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Медициналық куәландыруға сәйкес, Lexus-570 көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмаған. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта Lexus-570 автокөлігі тұраққа жеткізілді. Зардап шеккендер ем алып болған соң және олардың денсаулығына қандай дәрежедегі зақым тигені анықталған соң ғана сот-медициналық сараптама тағайындалады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Астанада болған жол апатынан зардап шеккен төрт баланың ауруханаға жеткізіліп, біреуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің бойымен Иманов көшесіне қарай бара жатып, қиылыста басқа көлікке жол бермей, нәтижесінде Mercedes-Benz көлігімен соғысқан. Алған соққыдан Lexus жүргізушісі кәмелетке толмаған балалар мен тұрақта тұрған "Лада"көлігін соққан. Кейіннен Lexus тағы да тұрақта тұрған ZAZ маркалы көлікке соғысып, одан сол жерде тұрған Mitsubishi көлігімен тағы соғысқан", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, олған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірі әлі жансақтау бөлімінде жатқаны айтылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай