Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде видео жарияланған болатын. Онда видео авторы "Орбита" дүкені маңында полиция қызметкерінің мас күйде автокөлік тізгінінде болып, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы айтады.
Астана полиция департаментінің өкілдері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы ("Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу, алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізу") бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
"Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылығы үшін босатылды", - делінген Астана ПД хабарламасында.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram