27 наурыз 2017 13:19

Астанада жол апатынан зардап шеккен студент қыздардың жағдайы мүшкіл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жол апатынан зардап шеккен қыздардың туыстары олардың халі туралы айтып берді және зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруға атсалысқан адамдарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Астанада жол апатынан зардап шеккен қыздардың туыстары олардың халі туралы айтып берді және зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруға атсалысқан адамдарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қыздардың ата-анасының атынан және өз атымнан осы жағдайға бей-жәй қарамай қан тапсырған барлық адамға алғыс білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда қазіргі уақытта оларда қанға мұқтаждық жоқ. Алдағы уақытта да жедел керек болып қалады деген ойдан аулақпыз. Шын мәнінде біз Қазақстанның әр өңірінен осындай қолдау табылатынын күтпедік. (...) Қан орталықтары қалыптан тыс уақытта да жұмыс істеді, себебі қан тапсырушылар өте көп болды", - деп жазды әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Айжан Қазбектің ағасы Рахат Қазбек.

Еске салайық, Астанада жантүршігерлік жол апатынан төрт адам зардап шеккен болатын. Апат 23 наурызда сағат 23.20-да болған. Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында Toyota Camry мен Suzuki соғысып қалған. Салдарынан, куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі мен жолаушысы, сонымен қатар, Suzuki көлігінде болған екі қыз зардап шеккен. 

Зардап шеккен қыздар ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Туыстарының айтуынша, олардың жағдайы "аса ауыр халде, алайда сәл де болса оңалу бар". 

Астана ІІД-нің баспасөз қызметі жол апаты дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын және арнайы сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети