Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсті

14 Қыркүйек 2015, 12:11
0
Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсті - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Астанада жолаушылар автобусы жол апатынан зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасындағылар хабарлады.

Жол апаты кеше, сағат 13.40-та болды. Мамандардың хабарлауынша, Сhevrolet cruze автокөлігінің жүргізушісі Жұмабаев көшесі мен Бауыржан Момышұлы дағлының қиылысында ережені бұзып, Hyundai автокөлігімен және Ivecо автобусымен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. ІІД ӘПБ аға инспекторы Лариса Красникованың айтуынша, Сhevrolet cruze автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік өндіріс басталды, ол 10 АЕК көлемінде (19820 теңге) айыппұл төлеуі немесе 9 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Материалдар шешім қабылдау мақсатында сотқа жіберіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай