20 қыркүйек 2016 14:51

Астанада жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, одан ақша талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sino.co.uk © sino.co.uk

Астана тұрғыны сотқа келіп, жаяу жүргіншінің кесірінен көлігіне келген материалдық шығынды өтеп беруін талап етіп, арыз берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана тұрғыны сотқа келіп, жаяу жүргіншінің кесірінен көлігіне келген материалдық шығынды өтеп беруін талап етіп, арыз берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы "Жол-көлік оқиғасы кезінде келтірілген залалды өтеу - даулы мәселелері" тақырыбында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

"Жүргізуші өз арызында жаяу жүргінші келтірілген материалдық шығынды өтеп беруін талап еткен. Жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткен, ал жүргізуші оны қағып кеткен. Жаяу жүргінші зардап шеккен, алайда жүргізуші жол апаты кезінде көлігінің терезесі сынғанын айтып, келтірілген залалды өтеп беруі үшін арыз берген. Арызданушы: "Жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп шығып, менің көлігіме лап берді". Біз оқиғаның мән жайын толығымен анықтадық", - деді брифинг барысында аудандық соттың төрағасы Арман Жүкенов.

Ол жаяу жүргіншінің жол апатын туғызып, кінәлі екені анықталып, оған айыппұл салынғанын айтты. Жүргізуші де материалдық өтемақы талап етті, алайда сот оның арызын қанағаттандырмады.

"Өтемақы төленді, алайда сот ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабына сүйене отырып шешім шығарды. Жүргізуші қандай жағдай болмасын максималды түрде автомобильдің тоқтауы үшін шаралар істеуі тиіс, алайда ол оны істемеген. Осы жағдайда сұралған қаражаттың 50 пайызы қанағатандырылды", - деді судья Арман Жүкенов.

Сондай-ақ, брифинг барысында Арман Жүкенов жүргізуші мас күйінде бола тұра, досына көлікті басқаруға бергені туралы тағы бір оқиғаны айтып берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети