06 қараша 2015 12:40

Астанада жүргізушінің көлігімен полицейді сүйрегені бейнеленген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада мас жүргізуші полицейді көлігімен сүйреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада мас жүргізуші полицейді көлігімен сүйреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы полициясының аға сержанты Бағлан Қарымбаев қызмет атқару кезінде сағат 17.00 шамасында қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережесін бұзған Lada Kalina маркалы автокөлік жүргізушісін тоқтатады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жасырынбақ болған. Полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбастан жүргізуші орнынан бір мезетте жүріп кеткен.

"Полиция аға сержанты Бағлан Қарымбаев қозғалыстағы көліктің рулін ұстап алып заң бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған. Жүргізуші жылдамдықты төмендетпей полицейді келесі қиылысқа дейін іліп әкетті. Дене жарақаттарын алып, өмірін қауіпке тіккеніне қарамастан полицей тәртіп бұзған жүргізішіні тоқтата алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Медициналық куәландырудың қорытындысы "алкогольді мастануды" анықтады. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны екені, осыған дейін Қызылорда облысының аумағында қылмыс жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған және іздеуде жүргендігі анықталды.

Құрықталған күдікті соттың санкциясына сәйкес тергеу изоляторына қамауға алынды. ІІД Тергеу басқармасы ҚР ҚК 380-бабы ("Билік өкілінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргені үшін") бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

"Қауіпті жол-көлік оқиғасына жол бермеген аға сержант Бағлан Қарымбаев медициналық көмек алуға тиісті мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети