14 наурыз 2014 11:29

Астанада жылу орталығы құрылысында бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Астанада жаңадан салынып жатқан жылу электр орталығының ғимаратында бір жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға Алматы ауданындағы Өнеркәсіптік аймақ көшесіндегі құрылыста болды. "13.03.2014 күні сағат 15.13-те жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде "ЦентрҚазЭнергоМонтаж" АҚ-ның 1971 жылы туған жұмысшысы 16 метр биіктіктен құлап, сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада. Бұл күні Астанада осындай жағдай екі рет тіркелді. Мұның алдында Сарайшық және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы жаңадан салынып жатқан қонақүй ғимаратында "Базис-А" ЖШС-нің 1987 жылы туған жұмысшысы екі метр биіктіктен құлап, түрлі деңгейдегі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Еске сала кетейік, Астанадағы құрылыс нысандарында жұмысшылардың биіктен құлап кетуі жиі қайталанатын оқиғаға айналды. Қаңтар айының соңында 10-қабаттан құлап кеткен құрылысшы Құдай сақтап, аман қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети